ЖАЛАҒАШТА АЛҒАШҚЫ КӘСІБИ МЕДИАТОР СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Қызылорда облыстық сотында өткізілген «Жалпы медиация курсы» бойынша Жалағаш кентінің тұрғыны М.Хайдаров «Жалпы медиация курсының» медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша кәсіби медиатор сертификатын алып, Жалағаш ауданының медиаторлар тізіміне қосылды.
Сот төрағасының қабылдауында М.Хайдаров «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы директоры Б.Ахметов табыс еткен сертификатты ұсынды. Сот төрағасы А.Наримов медиатормен «Медиация туралы» заңының нормаларын қолдану мәселелерін талқылап, алдағы уақытта жұмысына сәттілік тіледі.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі