ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БІРІНШІ РЕТ КАРТОПТЫҢ «БЕЛЛАРОЗА» СОРТЫ ЕГІЛДІ
Биыл облыста бірінші рет Жалағаш ауданының «Таң ЛТД» ЖШС тамшылатып суару әдісімен картоптың ерте пісетін «Беллароза» сортының элита тұқымы 10 гектар жерге екті. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады. Ауылшаруашылығы бойынша 6 айда 852,2 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100,2 пайыз болып отыр.
«Жалағаш ауданында осы жылы 30 396 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу межеленіп, 30 366 гектар жерге егін орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 19 911 гектар, 230 гектар жаздық бидай, 61 га мақсары, 3 100 гектар жаңа жоңышқа, 4 649 гектар ескі жоңышқа, 808,5 гектар картоп, 700 гектар көкөніс, 906,5 гектар бақша дақылдары. Үстіміздегі жылдың өзінде лизингке 51 техникаға тапсырыс беріліп, 43 жеткізілді», - делінген хабарламада.