ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІС ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Жалағаш ауданында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Жылқышиеваның төрағалығымен ұжымдық шарттар жасасу мәселелері бойынша көшпелі мәжіліс өткізілді. Онда Жалағаш ауданы бойынша ұжымдық шарт жасасу мәселесінің орындалу барысы туралы аудан әкімі Т.Дүйсебаев хабарлама жасады.
- Аудан бойынша салық басқармасына барлығы 618 субъектілер тіркелген. Оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар-25, шаруа қожалықтары-284, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар-101, басқа да заңды тұлғалар-208. Салық басқармасына тіркелгендерден бүгінгі күнге нақты жұмыс жасап тұрғандары-231. Жұмыс жасап тұрған субъектілердің ішінде 1-2 адамнан ғана жұмыс жасайтын отбасылық шаруа қожалықтары -37, мешіттер-12, кредиттік серіктестіктер-8 және қоғамдық қорлар-7, барлығы 71 субъектілерде еңбек шарты арқылы жұмыс жасайды. Жұмыс жасап тұрған 231 субъектінің ұжымдық шарт жасауға тиісті 160-да барлығы немесе 100 пайызға ұжымдық шарт жасалынып, барлығы облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына тіркелген.
Көшпелі мәжіліске әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия мүшелері, қала, аудан әкімдерінің осы мәселеге жауапты орынбасарлары, аудандық мекеме, бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, шаруашылық басшылары қатысты.