ЕЛБАСЫ ҚҰТТЫҚТАУЫ ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАБЫСТАЛДЫ
Келер жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отыр. Осынау тарихи мәні зор мереке қарсаңында Елбасының ҰОС ардагерлерін жаңа жыл мерекесіне орай ыстық ықыласын білдірген-ді.
Осы орайда Жалағаш ауданы ардагерлеріне «Құттықтау хат» табыстаған аудан әкімі Т.Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы К.Сүлейменов майдангер қарттардың отбасында болып, мерекелік қуаныштарымен бөлісті.
Атап айтсақ, ҰОС ардагерлері, ауданымыздың абыз ақсақалдары Ақсу ауылының тұрғыны Өрікбай Сүлеймен пен Таң ауылының тұрғыны Уәли Дүйсенбиевтерге Елбасының «Құттықтау хаты» мен бағалы сыйлықтары және себет толы жемістер мен гүл шоқтарын тарту етті.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат шешімімен қарт майдангерлер Өрікбай Сүлеймен мен Уәли Дүйсенбиевқа «Жалағаш ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.