ЖАЛАҒАШТА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Жалағаш ауданында республикалық бюджет есебінен ветеринариялық лаборатория құрылысы салынуда. Жобаның құны 115 млн теңге. Құрылыс 2012 жылы басталған. 2014 жылдың тамызында пайдалануға беріледі. Аудандық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, бүгінгі күнге құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, жұмысы комиссия қабылдауына ұсынылды.
«Сондай-ақ облыстық бюджеттен 28,6 млн теңге қаржы қаралып, ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттер ғимаратпен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің тізіміне енген аса қауіпті жұқпалы аурулар тізіміне сәйкес ауылшаруашылығы малдары мен құстарды қорғау мақсатында республикалық бюджеттен 2014 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға 46,6 млн теңге қаржы бөлініп, оның алты айда жоспарланғаны 18,8 млн теңге болса бұл 100 пайызға игерілді», - делінген хабарламада.