ЖАЛАҒАШТА ҚЫЗЫЛ МИЯ ТАМЫРЫН ӨСІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Жалағаш – аграрлы аудан. Дегенмен, өнеркәсіп өндірісін дамыту да назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда аудан өнеркәсібін әртараптандыру маңызды.
Аудандық мәслихат сессиясында депутаттарға есеп берген аудан әкімі Талғат Дүйсебаев өнеркәсіп өнімі мен негізгі қорға тартылған инвестиция көлемінен басқа көрсеткіштер бойынша өсім барын жеткізді. «Іс-қимыл жоспарына сәйкес біз биыл бірқатар жобаны іске асырамыз. Оның ішінде «БИС-Групп» ЖШС қызыл мия тамырын өсіру және өңдеу зауытын іске қосады», - деді Талғат Дүйсебаев.
Сол сияқты «Жалағаш ИНТР» ЖШС кірпіш зауытын салса, жеке кәсіпкерлер ағаш өңдеу, балық өңдеу, «КТ-Сервис» ЖШС пескоблок өндіру цехтарын іске қосуды жоспарлап отыр.