ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БАС ШЫРШАСЫ ЖАҒЫЛДЫ
Кеше Жалағаш ауданының орталық алаңында орналасқан жасыл шырша шамы салтанатты түрде жағылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Талғат Дүйсебаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары қатысты. Шырша шамын жағу құрметі Мақпалкөл ауылының тұрғыны, «ЕрӘлі» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Әліби Бекжановқа бұйырды.
Кеште аудан өнерпаздары жиналған аудан тұрғындарын әсем әнге бөлеп, Аяз ата мен Ақшақар шырша жанына жиналған жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады.