ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА 10 ЖАС АУДАН ӘКІМІНІҢ «ЖАС ТАЛАП» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Жалағаш ауданында «Мәңгілік ел жастары» атты аудандық жастар форумы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш форумға ауданның белсенді жастары мен облыс орталығы, Арал, Жаңақорған және Сырдария аудандарынан арнайы келген делегаттардың қатысуымен «Қоғамдағы жастардың өзекті мәселелері: жағдайы мен болашағы», «Жастар және кәсіпкерлік» және «Белсенді азаматтық қоғам – мықты Қазақстан» тақырыптарда секциялық отырыстар өткізілді.
Секциялық отырыстардан кейін жұмыссыз жастар арасында интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, жастар үшін сергіту сәті өтті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен аудан жастарына арналған «Жас маман - 2014» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 4 жас жұмысқа орнына жолдама алды.
«Мәңгілік ел жастары» атты аудандық жастар форумының пленарлық мәжілісіне аудан әкімі Т.Дүйсебаев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Базартай қатысты.
Жыл бойы өз саласында жеткен жетістіктері мен белсенді жұмыс жасағаны үшін түрлі салалар бойынша белсенділік танытқан 10 жас аудан әкімінің «Жас талап» жастар сыйлығымен марапатталды.
Шынар БЕКБАН