ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ІІБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА РЕДАКЦИЯДАҒЫ КОДЕКСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
Өткен аптада Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А.Утегеновтің және жеке құрамның қатысуымен «Қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу кодекстерінің жаңа моделіне көшу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Кеңесте Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары, жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің кейбір баптарына енгізілген өзгерістер жайлы Жалағаш ауданы прокурорлары баяндамалар оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар-кеңесті ашқан Жалағаш ауданының прокуроры Х.Жұмағұлова бұл шараның маңыздылығына тоқтала келіп, жоғарыда аталған кодекстерге толықтырулар мен өзгертулер енгізудің маңызын, мақсатын, қолданылу бағытын қысқаша баяндап берді.
Жиын соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еліміздің жаңа қылмыстық заңнамалары төңірегінде өзара пікір алмасуымен аяқталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі