ЖАЛАГАШТА ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУШІЛІК КОДЕКСТЕРІНІҢ ЖАҢА МОДЕЛІНЕ КӨШУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жалағаш аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізушілік кодекстерінің жаңа моделіне көшу ерекшеліктері» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесте Жалағаш аудандық сотының бас маманы Б.Н.Исағабылов «Тергеу судьясы», «Қылмыстық істердің сотта қаралуы» тақырыбында баяндама жасады.
- Алдағы жылы күшіне енетін жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодекстегі басты жаңалық-тергеу судьясы қызметінің енгізілуі.Тергеу судьясының негізгі міндеті-сотқа келетін істің сапалы болып баруын қамтамасыз ету, деді өз баяндамасында Б.Н.Исағабылов.
Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын (судьяларын) осы сот төрағасы судьялардың қатарынан тағайындайды. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін.
Жаңа Қылмыстық кодексінің 55-бабында тергеу судьясының міндеттері мен құзыретінің тізбесі берілгенін атап өтті.
Семинар-кеңесті қорытындылай келе қатысушылар тақырып аясында талқыланған мәселелерді жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарында, халық арасында кеңінен насихаттауға, оқыту жұмыстарын пәрменді жалғастыруға шешім етті.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі