ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Азаматтық іс жүргізуде судьяның қатысуымен бітімге келу (судебная медиация) пилоттық жобасы бойынша Жалағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға аудандық сот, аудан әкімі аппараты, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, «Қазақтелеком» АҚ Жалағаш филиалы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілдері, аудандағы кәсіби емес медиаторлар мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын дайындау және алдағы уақытта бітімгершілік рәсімдердің қолданылу аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Жоғарғы Сотпен ағымдағы жылдың сәуір айынын бастап желтоқсан айлары аралығында соттарда азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасы іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру жөніндегі тиісті Ереже жоғарғы соттың төрағалығымен бекітілген. Заң қызметкерлерінің отырысында медиацияны, бітімгершілік рәсімдердің жүзеге асыратын судьяның тікелей өзінің жүргізу мүмкіндігі қарастырылғаны және басқада пилоттық жобаның нәтижесі туралы айтылды.
Шараны қорытындылаған кеңсе меңгеруші А.Алтынбаев аталған бағыт бойынша жұмыстың белсендірілгенін және қылмыстық істер мен даулар медиация арқылы шешімін табатынын атап өтті.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі