ЖАЛАҒАШТА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА «АУЛА КЛУБЫ» АШЫЛДЫ
Жалағаш ауданының кент орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған "Аула клубының" ашылуы болып өтті.
Аула клубы негізінен аудан көлеміндегі шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан демеушілікпен жабдықталып, аудан әкімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тікелей қолдауымен ашылып отыр.
Айта кету керек, биыл мүгедектерді тасымалдауды ұйымдастыру қызметіне республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 1888,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі күні ҚР мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес өткізілген конкурс қортындысымен жеңімпаз болған "Жалағаш аудандық мүгедектер қоғамы" бірлестігінің қызмет көрсетуге ұсынып отырған ыңғайластырып жабдықталған Газель автокөлігі қызмет көрсетіп отыр. Аталмыш қызметпен 15 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылып отыр.
Инватакси қызметі тірек қимыл аппаратында ақауы бар, кресло-арбамен, балдақпен жүретін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бірінші кезекте жұмыс орны мен оқу орындарына, денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік сала ұйымдарына баруға қызмет жасайды. Аудан бойынша 82 азамат кресло-арбаға таңылған.