Т.ТӘШЕННІҢ «СЫРДА ӨСКЕН ШЫНАР» АТТЫ ЖАҢА КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Жалағаш ауданындағы «Жігер» мәдени спорт кешенінде белгілі қаламгер Тұрсынбай Тәшеннің 75 жылдық мерейтойына орай, «Сырда өскен шынар» атты жаңа кітабының тұсаукесері болып өтті.
Кеште аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қаламгердің «Сырда өскен шынар» кітабы жылдар өтсе де, тарихтың қатпарлы қойнауынан сыр шертіп, кейінгі ұрпағына жөн сілтер, бағыт-бағдар берер құнды шығарма екенін және бұл кітап елін, жерін сүйген кейінгі жас толқынға жолаушыны жолынан адастырмас, айсыз түндегі жетіқарақшы мен темірқазықтай бағдаршам болатынына өз сенімін білдірді.
Сонымен қатар кеште «Қаламы қарымды қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің өз туындыларымен қатар,жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары да қойылды.