«ҮЛКЕН ЕЛ - ҮЛКЕН ОТБАСЫ»
Кеше Жалағаш ауданында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай №31 мектеп-гимназиясында «Үлкен Ел - Үлкен отбасы» атты түрлі этнос өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуді «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, жиылған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, кездесуге қатысқан ардагер-ұстаздар С.Хайруддинова, С.Сетракова, В.Скрепниковалар бірлігі жарасқан, еліміз тыныш, ұлт болып бөлінбей, бір шаңырақ астына жинаған бейбіт те бақытты мекенде өмір сүріп келе жатқандығын айтып, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеп, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданатындарын жеткізді.
Шара барысында түрлі этнос өкілдерінің оқушылары құт-береке дарыған мерекеге арналған «Наурыз» батасын беріп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Шешен, кәріс, орыс этностарының ұлттық билерін билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қатысушылар «Бірлігіміз жарасқан» атты тренингте Қазақстандағы біртұтастылықты, әрдайым ұлт ретінде ұйысып, достығымыздың берік болуына тілектестіктерін білдірді.