ЕҢБЕК АУЫЛЫНДА "СТОП ҚЫЛМЫС" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ
Жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау және алдын алу мақсытында Жалағаш ауданындағы Еңбек ауылдық округінде бастауыш партия ұйымының ұйымдастырумен "Стоп қылмыс" дөңгелек үстелі өтті.
Еңбек ауылдық округінің әкімшілігі хабарлағандай, дөңгелек үстелге ауыл әкімі, учаскелік полиция инспекторы, Жалағаш аудандық АІІ-нен полиция өкілі, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Онда партияның «СТОП-қылмыс» жобасы аясында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтылды. Дөңгелек үстелде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау және алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің қараусыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу мәселелері қозғалды.
Шынар БЕКБАН