ЖАЛАҒАШТА БИЫЛ БҰЗАҚЫЛЫҚ ПЕН ҰРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ КӨБЕЙІП ТҰР
Жалағаш ауданында қылмыстық істердің басым көпшілігі ұрлық және бұзақылық қылмыстарды құраған. Бұл туралы Жалағаш аудандық сот төрағасы А.Наримов үстіміздегі жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді. Ал азаматтық істердің басым көпшілігі келісім-шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар, заңды некені бұзу, заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы, сот бұйрығын шығару арқылы қаралғаны істерді құрап отыр.
Статистикалық мәліметтерге сай есепті кезеңде сот өндірісіне 58 адамға қатысты 67 қылмыстық іс түсіп, оның ішінде 57 іс 62 адамға қатысты қаралып аяқталған. 354 азаматтық іс қаралып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 442 іс аяқталса, осы істердің ішінде 321 іс бойынша әр түрлі жаза берілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің басым көпшілігі қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оның ішінде ұсақ бұзақылық, басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық және көлік жүргізушісінің алкогольден мас күйінде көлік жүргізуі.
Шынар БЕКБАН