БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА БАЗАР АШЫЛДЫ
Жалағаш ауданының тұрғыны Күлпаш Қанатбаева ұзақ жылдан бері төрт түлік өнімдерін нарыққа шығарып, аудан халқының қажеттілігін өтеуде. Бүгінгі таңда ол «Сыбаға» бағдарламасы аясында кенттің батыс жағында орналасқан «Серпін» өндірістік аймағынан мал базарын салып, ел игілігіне ұсынды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапқан жаңа мал базардың ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Дүйсебаев, аудан әкімінің орынбасары А.Дәрібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев пен мекеме, бөлім басшылары және ардагерлер қатысты.
Шара барысында сөз алған аудан басшысы ел игілігі үшін қызмет ететін бұл нысанның ашылуы кәсіпкерлерімізге берілген үлкен қолдаудың бір парасы екендігіне тоқталып, кәсіпкер К.Қанатбаеваның жобасы аясында кент ішінен салынған мал базар аудан тұрғындарының сұранысын өтейтіндігіне сенім білдірді.
Айта кетейік, кент ішінен бой көтерген мал базар әр жексенбі күні халыққа қызмет көрсетеді. Ең тиімділігі төрт түлікті саудаға шығарған тұлғаларға базар иесінен салық талап етілмейді. Кәсіпкер К.Қанатбаеваның айтуынша, алдағы уақытта бұл жерге асхана, тағы басқа да қызмет көрсету орындарын салу жос¬парлануда.