«ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Жалағаш аудандық сотымен аудандық прокуратурасымен бірлесіп «Гендерлік теңдік» тақырыбында аудандық прокуратура, аудандық ІІБ-нің, аудандық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы А.Мизанбаев қазіргі таңда Қазақстанның тәуелсіз ел болып жариялағаннан кейін гендерлік теңдігінің негізгі шарттарын бұзбайтынын айтып өтіп, гендерлік теңдігінің негізгі шарттарына тоқталды - әйелдер мен еркектердің құқықтарының теңдігін айтты. Соңғы жылдары әлемде гендерлік саясаттың дамуында Қазақстан өз ұстанымын іске асырып жатқанын атап көрсетті. Ел басымен қылмыстық кодекстің, сонымен қатар «Тұрмыстық күш қолданудың алдын алу туралы» Заңына баптарына толықтырулармен өзгертулер енгізілді.
Қазақстан Республикасы 1998 жылы БҰҰ-ның конвенциясы «Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы» құрамына енді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының БҰҰ «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» конвенцияға және «Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы» конвенцияға қосылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактiге және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық фактiге және тағы басқа актілерге, Қазақстан азаматтардың құқықтары туралы барлығы 60-тан астам халықаралық келісімдерге қолқойды.
Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, әйелдерге күш көрсету, неке бұзу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқығын қорғау, гендерлік заңнаманың ережелерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өзекті түйінді сұрақтарды талқылап, пікір алмасып, нәтижесі бойынша ұсыныстар келтірді.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі