АУДАНДЫҚ СОТ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Жалағаш аудандық сотында 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға сот төрағасы А.Мизанбаев, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев, «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі С.Бертаев қатысты.
Өз сөзінде А.Мизанбаев 2016 жылғы 9 ай ішінде аудандық соттың өндірісіндегі барлығы 66 қылмыстық іс, 346 азаматтық, 358 әкімшілік іс қаралып аяқталған. Сот әділдігін жүзеге асырудағы ашықтық, жариялылық принципін жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылдың 9 айында үн бейне жазбасына жазу арқылы барлығы 770 іс қаралғанын атап өтті.
2016 жылғы 9 айда «Сот кабинеті» арқылы 319 талап арыз түсті, бұл барлық түскен талап арыздың 90,40 пайызын құрайды, үн-бейне жазба құрылғысымен қаралған істер саны 99,6 пайыз.
Сонымен қатар қазір әкімшілік істер де «Сот кабинеті» арқылы түсуде. Судьялардың VI съезінде Елбасымызбен дау мен жанжалдарды шешудің баламалы бағыттарын жандандыру қажеттігі атап өтілді. Аталған тапсырманың негізінде және Азаматтық іс жүргізу Кодексінің талаптарына сәйкес, Жалағаш аудандық соты бітімгершілік медиация тәртібімен келісімге келу тәсілдері белсенді қолданылып келеді.
Әр түрлі мәселелер бойынша сот төрағасы азаматтарға қабылдау жүргізіп, құқықтық кеңестер берген.
Шараның қорытындысы бойынша А.Мизанбаев тілшінің сұрақтарына жауаптарын берді.