ФОРУМНЫҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Жалағаш ауданы жастарының басын қосқан «Мәңгілік ел жастары – батыл қадаммен ерен еңбекке» атты дәстүрлі форум болып өтті. Аудан жастарының басын қосқан форум 4 секция бойынша жұмыс жасады. Олар «Жастар және дін», «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту», «Жас мамандардың кадр резерві корпусын қалыптастыру», «NEET (маргинал) санатындағы жастармен жұмысты ұйымдастыру».
Жаңа үлгідегі «Мәңгілік ел жастары – батыл қадаммен ерен еңбекке» жастар форумы аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың қатысуымен өткен пленарлық мәжіліске жалғасты.
Пленарлық мәжіліс барысында аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы ауданымыздағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы хабарлап, жастар үшін алдағы уақытта жоспарланған жағымды жаңалықтармен бөлісті.
Форумның секциялық жұмыстары қорытындыланып, жастардың ұсыныс — пікірлері тыңдалды. Форум аясында аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар аудан жастары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды, делінген тілші Жайна Шерниязованың таратқан ақпаратында.