«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен аудандық әділет басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» республикалық акция аясында аула клубында аудан тұрғындарына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кең көлемде құқықтық көмектер беру мақсатында көшпелі қабылдаулар өткізілді.
Акцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, акцияның басты міндеті партия қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыру, сапасы мен тиімділігін арттыру және қазіргі уақыттағы партия жұмысының тыныс-тіршілігіне тоқталды.
Жалағаш аудандық әділет басқармасының басшысы Қ. Бөлембаев «Әділет кеңес» береді акциясының мәні ұжым қызметкерлерінің уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында көшпелі қабылдаулар өткізіліп отырғанын, мүлікті жария ету заңының талаптарын түсіндірді.
Сөз алған Жалағаш ауданының аумақтық сот орындаушылар филиалының аға сот орындаушысы Б.Қожамұратов, жеке сот орындаушысы Еркебаев Бағдат атқарып жатырған жұмыстарына түсініктеме беріп, тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға нақты жауаптар берді.