ЖАЛАҒАШТА ОНЛАЙН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жастарды қолдау орталығы» МКМ, «Самұрық» ИИДО қоғамдық қоры Жалағашта «Жас маман-2014» онлайн жәрмеңкесін ұйымдастырды. Бұл туралы Жастарды қолдау орталығының аудандағы бөлімі хабарлады.
Онда облыс бойынша 100-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілі 18 бен 28 жас аралығындағы мамандарға несиені қалай алуға болатынын түсіндірді. Ал «Тұрғын үй жинақ банкінің» маманы жас отбасыларға пәтер алу мүмкіндігі барын айтты. Ал аудандардан келген жас мамандар агент болып жұмыс істей алады.
«Жастарды қолдау орталығы» МКМ директоры Ж.Тұсмағамбетов таяу арада жастарға қызмет көрсету орталығы ашылатынын хабарлады.
Шынар БЕКБАН