АЛДАҒЫ ЖЫЛЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛМАҚ
Жалағаш ауданында дәстүрлі жастар форумы болып өтті. Жалағаш жастарының басын қосқан форум барысында 4 секциялық жұмыстар жүргізіліп, пленарлық мәжіліске аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қатысты.
Форум барысында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев аудандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы хабарлап, жастар үшін алдағы уақытта жоспарланған жағымды жаңалықтармен бөлісті. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Меңлібаев "Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы және алдағы міндеттер туралы" баяндама жасады. Форумның секциялық жұмыстары қорытындыланып, жастардың ұсыныс - пікірлері тыңдалды. Басты жаңалық 2017 жылдан бастап Жалағаш аудандық Жастар ресурстық орталығы құрылатын болады.