ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА АНАЛАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ
Жуырда отбасы күніне орай аудан әкімдігі және «Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жаңа босанған аналарды құттықтап, құрмет көрсетілді. Ауданымызда іс-сапармен келген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ә.Ерсұлтанов пен аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов аналарға ізгі ниеттерін білдіріп, сый сияпат жасады, деп «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Жайна Шерниязова өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.
Ауданымыздың әз аналарының бірі,«Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әсия Мәдиева шаңырақтың шаттығы мен баланың бал күлкісінің үзілмеуін әйелдің парасаты мен ақылына байланысты екендігін жеткізді. Әр отбасыға жарқын қуаныш пен ұрпақ сабақтастығын сыйлаған аналарға гүл дестелері мен баланың алғашқы фотожинағы беріліп, сыйлықтар табысталды.
Осындай құрметке ие болған жанның бірі Ақсу ауылының тұрғыны Ақнұр Шәкетова. Өзінің алғашқы перзентін дүниеге әкелген Ақнұр бөпесінің атын Даниял деп қойыпты. Жанұясын құрбан айт күні жаңа өмір есігіне жол ашқан перзентімен қуантқан жас ана аталшым шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ал Мәдениет ауылының тұрғыны Майра Жүндібаева болса өмірге үшінші сәбиін әкеліп, жанұясын қуанышқа толтырған. Екі қыздан кейін аңсап күткен қамшыұстары дүние дидарына келіп, шаңырақтың шаттығына кенеліп жатқан жайы бар екен. Жалпы жас аналардың қай қайсы болмасын, аналарға көңіл бөліп, ерекше әсер қалдырған аудан әкімдігіне, сондай-ақ ақ халатты абзал жандарға алғыстарын білдірді.