ЖАЛАҒАШТЫҚ ОҚУШЫЛАР КЕРЕК-ЖАРАҚПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жалағаш ауданында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы өтті, - деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте ұйымдастырылған акцияның мақсаты – аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың санаттарына қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылына арналаған мектеп киім үлгісімен, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.
Балалардың мектепке баруына қажетті жағдай туғызып, қаржылай көмек ұйымдастыруда аудан әкімдігі, мекеме және бөлім басшылары мен кәсіпкерлердің үлесі зор. Шара барысында оқушыларға мектеп құралдары, киімнен көмек көрсетілді.