ЖАЛАҒАШТЫҢ ҚАУЫНЫ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ
Осыған дейін тек Сыр Маржанын өсіріп келген Жалағаш ауданы енді дәмі тіл үйірер бақша өнімдерімен де танылмақ. Аядай ғана Жаңадария ауылындағы «Магро» фермерлік қожалығының қауыны Ресей нарығына жол тартты, деп хабарлады «Қазақстан Қызылорда» арнасы.
Жаңадария ауылындағы «Магро» фермерлік қожалығының логотипі көрсетілген қорапшадағы дәмі тіл үйірер қауындар енді Мәскеудегі ірі сауда орындарының сөрелерінде сатылатын болады. Бұл Мырзашөл тұқымдасына жататын Жиенбай қауыны ешқандай химиялық қоспаларсыз күтіп бапталған. Ауылдың теріскейіндегі Атжайған алқабын осыған дейін тек мал жайылым ретінде пайдаланғандықтан шөбі шүйгін, жері құнарлы. Сондықтан табиғи таза өнімге Ресей нарығында сұраныс жоғары дейді шаруа.
Қазіргі таңда жетпіс гектар жер аршылып, бақша өнімдері орналастырылды. Қауын, қарбыз, картоптың өнімділігі жаман емес. Шаруалар келер жылы жүз гектар жерді игереміз деп жоспарлап отыр.