«СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ – ФЕРМЕРЛЕРГЕ ДЕМЕУ
Жалағаш ауданындағы 2 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсірумен айналысса, биыл Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Сарғасқа жылқы» фермер қожалығы Батыс Қазақстан облысынан 60 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырының қашарын әкелуді жоспарлап отыр, - деп жазады «Сыр бойы» газетінің тілшісі.
Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 400 бас мүйізді ірі қара малының аналығы мен 14 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспары белгіленді. Қаракеткен ауылдық округінен «Әсел» шаруа қожалығы өз қаражатына 3 бас асыл тұқымды «Абердин ангус» бұқасын сатып әкеліп, 90 бас жергілікті аналық малымен бірдейлендіріп, ИАС (ақпараттық аналитикалық жүйе) жүйесіне тіркеу жұ¬мыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «Ауыл» кредиттік серіктестігі арқылы «Иса Бақыт» жеке кәсіпкерлігі 3 млн теңге несие алып, 2 бас асыл тұқымды бұқа, 20 бас жергілікті аналық алуға жұмыс жасауда.