ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ СОТЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Жалағаш аудандық сотында брифинг өтті. Брифингте сот төрағасы А.Мизанбаев ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін ҚР жаңа ӘҚБтК-мен қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша ақпарат беріді.
2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, ағымдағы жылдың осы кезеңінде қаралған әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің саны азайғанын айтты. Сонымен қатар, брифингте соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев электрондық шақыру қағазы, СМС хабарламалар туралы мәлімет беріп, жыл басынан бері сотқа қатысушыларға 125 электронды хабарлама мен хабарландыру жіберілгенін айтты.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатыны, сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сотқа жүгінетін адамдардың уақытын және қаражатын үнемдейтіні айтылды.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі