ЖАЛАҒАШТА СУДЫ ҮНЕМДЕУ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылдық округінде «Қызылорда облысының суармалы егісінде суды үнемді пайдалану жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Дөңгелек үстел "Жаһандық су серіктестігі "Су, Климат және Даму" бағдарламасы аясында жүргізілген суды тиімді пайдаланудың тәжірибесін тарату мақсатында өтті.
"Қазақстан су серіктестігі" Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген жиында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Қожаниязов, облыс көлеміндегі ауылшаруашылық құрылымдар басшылары ауылшаруашылығы бағытындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.
"Қазақстанның Сырдария өзені бассейні бойынша су үлесі туралы және оны негіздеу проблемалары" тақырыбында "Қазақстан су серіктестігі" Қоғамдық қорының төрағасы Н.Қыпшақбаев баяндама жасады. Сонымен қатар шаруашылық бойынша суды үнемді пайдалану аясында тиісті сала мамандары баяндамалар жасады.