БИЫЛ ЖАЛАҒАШТА 140-ҚА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Биыл бес айда Жалағаш ауданында 1541 шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркелді. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Оларда 6750 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 137-ге, ал жұмыс істейтін адамдар саны 352 адамға артқан. Айта кету керек, биыл өндірілген өнім сомасы 204,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9 пайыз болды.
«Бюджет түсімі – 27,5 млн. теңге. Сонымен қатар осы жылы аудан көлемінде 140-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.