4 АЙДА СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МАЛ ҰРЛЫҒЫ 5,8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Сырдария ауданы Ақжарма ауылында «Аудандағы ветеринариялық-санитарлық жұмыстардың барысы туралы» тақырыбында семинар болып өтті, деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Семинар барысында аудандық Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Қ.Сүлейменов сөз алып, 2016 жылдың 4 айында Сырдария ауданы көлемінде мал ұрлығы 5,8 пайызға төмендегенін (52-ден 49-ға) атап өтті. Оның ішінде 31 дерегі өрістен алып кету нәтижесінде орын алса, 12 дерегі қорадан ұрлау арқылы орын алғаны белгілі болды. Мал ұрлығы қылмыстарын зерделеу барысында ұрлық қылмыстарының орын алуына ауылдық жерлерде мал егелерінің малдарын (сиыр малын) жайылымдарға қараусыз айдап жіберуі, сондай-ақ пада жұмыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы және мал иелерінің мал жоғалу жағдайлары бойынша дер кезінде ІІО-на хабарламаулары себеп болып отыр. Нәтижесінде А.Тоқмағамбетов ауылы, Айдарлы және Жетікөл ауылдары мал ұрлығы ең жиі орын алатын ауылдар ретінде тіркеліп отыр.
Мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу мен болдырмау бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып газет беттерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметкерлері аудандық ветенария бөлімімен бірлесе отырып рейдтік жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 1 мал ұрлығы анықталып, 4 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Жиын соңында қатысушы қызметкерлер келген қонақтарға өз тәжірибелерінде келеңсіздік тудыратын кейбір жайттарға қатысты ақыл-кеңес сұрап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Семинар-кеңес қатысушылардың өзара пікір алмасуымен аяқталды.