«ЭЛЕКТРОНДЫҚ АТҚАРУ ПАРАҒЫ» АТТЫ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Сырдария аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуларымен «Электрондық атқару парағы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Кеңсе меңгеруші Д.Байдушев өз баяндамасында атқару парақтарын жазу мерзімі мен тәртібі, шешiм дереу орындалатын жағдайларды қоспағанда, заңды күшiне енгеннен кейiн орындауға жіберілетіндігі туралы айтып өтті. Соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі. Мүлiк тәркiленген, мемлекет кiрiсiне өндiрiп алынған, сондай-ақ қылмыспен келтірілген нұқсан өндіріліп алынған, алименттер өндіріліп алынған, тарапы мемлекет болып табылатын мертігуден немесе денсаулыққа өзге зақым келуден, асыраушысынан айырылудан келтірілген зиянның орны толтырылған жағдайларда, сот өз бастамасымен ол жазылып берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей атқару құжатын аумағы бойынша тиісті әділет органына орындауға жібереді.
Атқару парағын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электрондық атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін.
2016 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық соттарында электрондық түрдегі атқару құжаттарының қозғалысын бақылау және есепке алу мақсатында жасалған «Төрелік» базасы көмегімен құжаттарды орындауға жіберу жүйесі енгізілген.
Осыған байланысты, барлық қатысушыларға электрондық атқару парақтарын жазу тәртібі көрсетілді.
Семинар сабағы аясында аталған тақырыптың негізгі аспектілері, күрделі мәселелерді айтылып, оларды шешу жолдары талқыланды.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі