АУЫЛЫНЫҢ АРДАҚТЫ АЗАМАТЫ
Шежірелі Шаған ауылы еліне еңбегін арнаған ардақты азаматтарға кенде емес. Аудан орталығынан кейінгі ең үлкен елді мекен саналатын берекелі ауылдың мақтан етерлік айбынды ер-азаматтары көп. Туған елді түлету жолында тындырымды тірлігімен ерекшеленген олардың жүріп өткен сара жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге саналады. Сондай ел перзенттерінің бірі, саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласының дамуына арнаған білікті басшы – Қожабек Кенжебекұлы Дәдікбаев еді.
Халық игілігі жолында еңбек етіп, шатқаяқтап тұрған шаруашылықтың қалыпты жұмыс жасауына барлық жағдайды жасаған Қ.Дәдікбаевтың есімі Сыр жұртшылығына етене таныс. Сол себепті көнекөз қариялар ел үшін туған ерен ер туралы «Қожабек Шаған ауылының ғана емес, жалпы елдің тұтқасын ұстауға жарайтын азамат еді» деп сағына еске алады. Небәрі, 44 жасында келместің кемесіне мініп, бақилық сапарға аттанған оның көкейінде «Туған ауылымды қайтсем де көркейтемін» деген арман-мақсаттар көп болатын. Амал нешік, асқаралы армандар 2000 жылдың алтыншы қаңтарында мәңгілікке тоқтады... Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан «Құрмет» орденін иеленген жанның жүріп өткен жолы ел тұтқасын ұстаған азаматтарға өнеге, жас буынға үлгі екені анық. Бұлай деуіміздің басты себебі Қ.Дәдікбаев – нарық заманының нағыз кадры болатын. Осыған орай, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың бекітуімен 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына Қожабек Дәдікбаевтың 60 жылдығына арналған еске алу шарасы да енгізілді.
Өмірінің соңына дейін «Шаған» агрофирмасының директоры қызметін атқарған атпал азаматтың есімін ұлықтауды мақсат еткен шаралар жақында өзі туып өскен Шаған ауылында ұйымдастырылды. Сондай ауқымды шаралардың бірі аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және Шаған ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Есімің әрқашанда ел есінде» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы еді. 18 талапкер ақын қатысып, бақ сынасқан жыр додасын тамашалауға келген халықта есеп болмады. Мүшәйра басталмас бұрын марқұм Қ.Дәдікбаев туралы түсірілген деректі фильм көрсетілді. Мұнан кейін аудандық маслихаттың депутаты, «Шаған-Жер» ЖШС төрағасы Бердібек Қадыров сөз сөйлеп, «Шаған» агрофирмасының дамуы мен экономикалық өсіп-өркендеуі үшін Қожабек Кенжебекұлының елеулі үлес қосқаны мен білімді де білікті басшы болғаны жөнінде естелік айтты. Мүшәйраға қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Қ.Дәдікбаевтың еңбек жолын өлеңмен өрнектеген ақындардың өнеріне, сахна мәдениетіне ақын, Қазақстан Журналист ер Одағының мүшесі Мұхтар Сақтапов бастаған Қ.Дәдікбаевтің інісі, «Orda Trans Servis» ЖШС бас директоры Марат Дәдікбаев, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Нұрбек Дәуренбековтер қазылық етті.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені «Асыл азамат» атты жырын арнаған қоғалыкөлдік Байрон Есенбаев иеленді. Ал жүлделі І орын С.Сейфуллин ауылынан келген Бағдат Есназарға бұйырса, ІІ орынды тереңөзектік Ақтөре Ибрагимұлы қанжығасына байлады. Сондай-ақ, қос бірдей ІІІ орынды шағандық Ақерке Балман мен іңкәрдариялық Шынар Ізбасқанова иеленді. Талапкерлердің жас ерекшелігіне шектеу болмаған мүшәйрада Шегебай Башенов, Ботагөз Қошанова, Інжу Дүйсенғалиева сынды бірқатар талапкерлер ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Сондай-ақ, барлық талапкерлерге естелік ретінде қарымды қаламгер Қази Данабаевтың Қ.Дәдікбаев туралы жазған «Қыран қия» кітабы тарту етілді. Бұл күні «Шаған» балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен облыстық волейболдан турнирі де өткізілді. Еске алу шарасының соңында Қ.Дәдікбаевтың інісі, «Orda Trans Servis» ЖШС бас директоры Марат Дәдікбай мүшәйрада оқылған өлеңдердің алдағы уақытта кітапша болып жарыққа шығатынын жеткізді. Сонымен бірге, шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аудан әк імдігіне алғысын білдірді. Мүшәйрадан кейін Қ.Дәдікбаевтың рухына арналып ас берілді.