БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сырдария ауданы бойынша басқармасы қызметкерлері Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Кеден және салық жүйесін әкімшілендіріп, бюджетті толықтырып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып отыру – ұжым үшін өте маңызды.
Сырдариялық мемлекеттік кіріс қызметкерлері арнайы ұйымдастырылған сенбілікте ғимарат маңайына 50 түп терек ағашының көшеттерін отырғызды. Сенбілік кезінде қызметкерлер ғимараттың ауласында қазан көтеріп, дәстүрлі наурыз көжесін дайындап, таратты.
Осы күні басқарма қызметкерлері наурыз көжемен бірге, көптен бергі басқарманың қамқорлығына алынған, тұрмысы төмен Қалекеевтер отбасындағы 4 балаға, жылдағы дәстүрмен, азық-түлік және тәттілерін апарып, қуантып қайтты.
Мерекелік дастарханга бір ғимаратта орналасқан екі мекеменің ардагерлерін шақырып, наурыз дастарханынан дәм таттырды, мерекелік сыйлықтар тарту етті.
Еңбек пен спортты егіз ұстанатын қызметкерлер, аудандық спорт бөлімі жаттықтырушыларының төрелік етуімен, мереке құрметіне ғимаратта бірге орналасқан аудандық қазынашылық басқармасы қызметкерлерімен жарысып көрді. Арқан тарту, гір көтеру, қол күрес, дартс, дойбы сайыстары тамашаланып, бәсеке тартымды өткізілді. Жеңімпаздар мен белсенділер арнайы сыйлықтарға ие болды.
Акима ДОСЫҒҰЛОВА,
Сырдария ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы