100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛДЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімінің ұжымы Нағи Ілиясов ауылының тұрғыны 100 жастағы Балшай Махамбетоваға жеке куәлікті табыстады.
Ұзақ жылдар Сырдария ауданының дамуына өзіндік үлесін қосқан Балшай Маханбетова қазіргі таңда ұл-қыздарынан тараған немере–шөберелерінің ортасында бейнетінің зейнетін көруде. 8 құрсақ көтерген батыр ана 4 шөпшек сүйіп отыр.
Б.Маханбетова ашаршылық кезеңнің ауыртпашылығын, тоқырау жылдарының тауқыметімен қатар Ұлы Отан соғысындағы қиыншылықтарды бастан кешірген. 1962 жылдан бастап еңбек жолын бастаған. Шіркейлі аулында (бұрынғы Карл Маркс атындағы совхозда) жұмысшы болып еңбек еткен. Ал 1972 жылы Нағи Ілиясов аулында азық түлік дүкенінде қойма меңгерушісі болып қызмет атқарған. Адал еңбегінің арқасында ел алғысын арқалап, бедел биігінен көрінген қарт әжей өзінің өміріне дән риза.
Бейбіт күнде әрбір атқан таңды бақытқа балайтын жан жүз жасты еңсергеніне қарамастан, көрпе –төсек тігіп, сүт пен айран піседі екен. Бұл туралы әженің немерелері мақтанышпен жеткізді.
Қария өзінің қуанышын бөлісуге келген сала мамандарына ақ батасын беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.