ШАРУАШЫЛЫҚТАР ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ
Өңірімізде егін жинау науқаны басталып та кетті. Ендігі мәселе - егінді төкпей-шашпай уақытында жинап алу. Ол үшін елді-мекендердегі шаруашылықтардың техникалары сақадай сай болуы керек. Әсіресе, егін жинайтын комбайндардың тұрып қалмағаны абзал. Сол үшін де шаруашылықтарда жыл өткен сайын техникалар жаңартылуда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, егін жинау маусымының басталар шағында аудан шаруашылықтары жаңа комбайндармен толықты. Қазақстан мен Белоруссия арасындағы ынтымақтастықтың аясында аймағымызға 11 Палессе GS12 жоғары өнімді комбайндары әкелінді. Әр комбайнның құны - 26 млн. теңге. Заманауи талаптарға жауап беретін бұл техникалар алдағы уақытта шаруашылықтарда жоғары сапамен жұмыс істейтін болады. Оның сатып алынуына "Жан-Арай" ЖШС-і ұйытқы болды. Сол 11 комбайнның жетеуі аудан шаруашылықтарына тиесілі. Оның ішінде екеуін "Шаған-Жер" ЖШС-і алдырған.
Шынар БЕКБАН