ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ КӨБЕЮІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ НАҚТЫ ІС-ШАРАЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ
Сырдария аудандық прокуратурасының бастамасымен «Сырдария ауданы көлемінде жол көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралардың тиімділігі мен жай-күйі» тақырыбында ведомстволық мәжіліс өтті.
Онда Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық дәлізі, Қызылорда-Жалағаш тас жолы бойындағы қайғылы жағдайлардың көбеюіне байланысты нақты іс-шаралар айқындалды. Мәжілісте аудан прокуроры Асхат Тәженов мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдында баяндама жасап, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін атап өтті.
Қорытындысымен аудандағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жүйесінің осал тұстары айқындалып, құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.