ҚОҒАЛЫКӨЛДІҢ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ КӨП
Өткен жыл Сырдария ауданы үшін табыстарға толы жыл болуына қоғалыкөлдіктердің де қосқан үлесі көп, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Елді-мекенде «Жамбыл-2030» ЖШС егін егумен айналысады. Былтырғы жылы ауылдағы шаруашылықтар 800 гектарға егін егіп, «Жамбыл-2030» ЖШС әр гектардан 43 центнерден, «Жаппас», «Абдулла», «Майарық» ШҚ-тары әр гектардан 45 центнерден өнім алған. Мал шаруашылығы бойынша «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларына да ауыл халқы белсене қатысуда. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасымен жұмыс жасайтын шаруашылықтар саны 5-ге жетіп, 105 ірі қара, 4 асыл тұқымды бұқа сатып алынған. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен жұмыс істеп жатқан 22 ауыл тұрғындарының қатарына 7 адам қосылып, қала халқын етпен, сүтпен қамтамасыз етуде.
Қоғалыкөлде шағын және орта кәсіпкерлік кең өріс жайып келеді. Өткен жылы «Ақниет» бағдарламасымен Гүлхан Ералиева шағын жем шығару цехын ашу, Сауле Кәрібаева омартаны көбейту және Абай Қырданов СТО ашу, Ақтай Ақбергенов дәнекерлеу цехы, Нұргүл Жұматаева жарнама агенттігі, Мешітбай Қырданов шағын тауық фермасы жұмыстарын жүргізуді қолға алған.