ЖОЛДАУ – ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ
Елбасының халыққа арнаған Жолдауында Ұлт Көшбасшысы жаһандық дағдарыс елімізге де әсірін тигізбей қоймайтынын атап өтіп, оның алдын алу мақсатында мемлекетте атқарылатын басым бағытты көрсетіп берді. Тұрғындардың әлеуметтік тұрмысын да естен шығармай, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жүктеді. Елбасы Жолдауында айтылған осындай басым бағыттар қазіргі таңда қызу талқыланып, іске асыру тетіктері басталып кетті.
Осы орайда, Сырдария ауданында ақпараттық-насихат топтары құрылып, 3 бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жаңа жылдың алғашқы күндерінде АНТ мүшелері Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Шаған елді-мекендерінде болып, Жолдауды насихаттау мақсатында тұрғындармен кездесті. Мерейлі белестер жылы аудан үшін жағымды жаңалықтарға толы болғанын атап көрсеткен АНТ мүшелері жан-жақты жоспарларға сай құрылып, міндеттер жүктейтін Елбасы Жолдауы – жылдың басты құжаты екенін айтты. Басым бағыттарға тоқталып, насихат жұмыстарын жүргізді.