109 АТА-АНАҒА ЕСКЕРТУ ТҮРІНДЕГІ ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Сырдария аудандық сотында кәмелетке толмағандардың түнде заңды өкілдерінің ертуінсіз үйлерінен тыс жерде болғаны үшін олардың заңды өкілдеріне қатысты қаралған әкімшілік істер жөнінде брифинг өтті, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Брифинг барысында сот төрағасы А.Абдулла жыл бойы осындай 112 әкімшілік іс қаралғанын, барлығы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабымен кінәлі деп танылғанын атап өтті. 109 ата-анаға ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылса, 2 ата-анаға әкімшілік айыппұл салынды. 1 ата-анаға қатысты әкімшілік іс өндірістен қысқартылған.