МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Жасампаз жобалар іркіліссіз іске асып жатқан Сырдария ауданында жақын күндері тағы бір ауқымды кешен іске қосылмақ. 3000 бас ірі қара малын бордақылау алаңының құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталуға жақын, деп хабарлады ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
- Ірі қара малды бордақылау алаңдарын кеңейту, санын көбейту мақсатында «Шаған-Жер» ЖШС-нің құны 1 миллиард 170 миллион теңге тұратын 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу жобасы өз жұмысын бастағанда, өндірілген ет өнімдері Қызылорда, Байқоңыр, Алматы қалаларының нарығына шығарылып, көрші Ресей, Өзбекстанға экспортталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, инженерлік жүйеге келтірілген алаңның айналасындағы 750 гектар жерге жүгері, жоңышқа, бидай егіліп, жем-шөппен толық қамтамасыз етілмек. Қазіргі таңда бекітілген стандарт бойынша жем-шөп сақтауға арналған үлкен 3 ангар, әкімгершілік ғимарат, мал дәрігерлік пункт, су қоймасы және ірі қара малдардың азықтанатын орындары салынып, аяқталған, - делінген хабарламада.