АҚЖАРМА АУЫЛЫНДА ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ 6 ЖОБАНЫҢ БІРЕУІ ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысымен Сырдария ауданындағы Ақжарма және Бесарық ауылдары тіректі елді мекендер тізіміне енді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақжармалықтар егін және мал шаруашылығымен айналысады. Кешенді даму жоспары арқылы ауылдың әлеуметтік экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы жақсарады деген сенім бар. Мал және егін шаруашылығы өнімдері облыс орталығына, басқа елді мекендегі тұтынушыларға жеткізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтуға мүмкіндік туғалы отыр.
Бүгінде 6 индустриалды-инновациялық жобаның біреуі ғана – «Күріш ақтау зауыты» жобасы жүзеге асырылды. «Ақжарма және К» шаруа қожалығы тәулігіне 40 тонна күріш салысын ақтайтын диірмен орнатты. Жобалық құны 62 млн. теңгені құрайтын зауыт 17 адамды жұмысқа қамтыды.
Мемлекеттік бюджет есебінен 2014-2018 жылы 25 жоба 1 млрд. 154 млн. теңге көлемінде қаржыландырылып, 50 уақытша және 16 тұрақты жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.