ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫРДАРИЯЛЫҚ ӨНІМДЕР САУДАЛАНДЫ
Берері мол берекелі күз айын егін шаруашылығы бойынша «Озат аудан» номинациясымен қарсы алған сырдариялықтар жексенбі күні қала орталығындағы «Реалбаза» аумағында ауылшаруашылық өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңке таңғы сағат 8.30-да басталып, 70-ке жуық автокөлікке тиелген түрлі ауылшаруашылығы өнімдері базар бағасынан едәуір төмен бағада қала халқына саудаланды. Бұл жолғы жәрмеңкенің алдыңғы ұйымдастырылған жәрмеңкелерден бір ерекшелігі арзан өнімдерді тиімді бағада сатып алуға жиналған қала халқының көп екендігінде болды. Таңғы сағат 9.00 шамасында жәрмеңке өткен алаңға жиналған халықтың қарасы сырдариялық өнімнің сұранысқа ие екенін анық байқатты. Ал сағат 10.00-ден өте сөрелердегі ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігінің саудаланып, қызылордалықтардың арзан өнімге қол жеткізіп, қуанышқа кенелгенін де аңғардық. Жәрмеңке барысында қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Өмірсерікұлы, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Лекеров бастаған мемлекеттік қызметкерлер молшылық мерекесінің өз деңгейінде өтуіне барлық жағдайды жасап, ұтымды үйлестірілген жүйелі жұмыстың басы-қасынан табылды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен ауылдық клуб қызметкерлері әннен шашу шашып, жәрмеңкеге келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.