СЫМБАТТЫ ҚЫЗДАР САЙЫСЫ ӨТТІ
Бұрнағы күні тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі, әдемілік пен сұлулықтың символы болған Сырдария ауданының қылықты қыздары «Сыр сұлуы-2015» байқауына қатысты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен екі жылда бір рет өтетін байқауды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Аудандық мәдениет үйінде өткен сымбатты қыздар сайысы Қазақ хандығының 550 Ұлы Жеңістің 70 және ҚР Конституциясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткізілді. Аудандық байқауға болашақ асыл жар, ертеңгі отбасы ұйытқысы болуға ниетті 10 ару қатысты. Талапкерлер 5 кезең бойынша бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде, «Үздік ұйымдастырушы» номинациясын Жайна Дайрабайқызы иеленсе, «Алтын қолды ару» номинациясын Гүлжамал Мұханбетова еншіледі. Ал «Сәнгер ару» номинациясына шіркейлілік Гүлжайна Өмірбекова лайықты деп танылса, Гүлім Шакимова «Өнерлі ару» атанды. Сондай-ақ, «Сымбатты ару» номинациясын Әлия Бақытбекқызы иеленсе, Меруерт Военныйқызы «Парасатты ару» номинациясымен марапатталды. Байқау нәтижесімен ІІІ орын Айша Ералыға берілсе, жүлделі ІІ орынды шағандық Кәмшат Мұқтарова қанжығасына байлады. Ал І орын тұғырынан аудандық аурухананың медбикесі Таңшолпан Байтүгелова көрінді. «Сыр сұлу – 2015» байқауының бас жүлдесі А.Тоқмағамбетов ауылдық клубының әдіскері Сымбат Алматоваға беріліп, арнайы Алғыс хат пен тәж тарту етілді.