СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында қабылдау жүргізді, деп хабарлады Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот төрағасының қабылдауына ауыл тұрғындары әр түрлі мәселелер бойынша келді. Олардың ішінде жер қатынастары мен медиация тәртібі сұрақтарымен жүгінді.
Сот төрағасы қабылдауда қойылған барлық сауалдарға толық жауап беріп, сот құзырына жатпайтын сұрақтар бойынша уәкілетті мекемелерге жүгіну керектігі жөнінде түсіндірді.
Іс-шара барысында сот төрағасы А.Абдулла дамыған 30 мемлекеттің құрамына кірудің ұлттық жоспары болып табылатын бес институционалдық бағдарламаны жүзеге асыруда соттардың алдында тұрған міндеттеріне жан-жақты тоқталды.
Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін, заңның үстемдігін қамтамасыз ету реформасындағы бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу бағыт-бағдары, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселелері және оларды тиімді түрде жүзеге асыру жолдарын айтып өтті.
Сонымен қатар, сот төрағасы Елбасының «100 нақты қадамы» атты бағдарламалық құжаты еліміздің әрбір азаматына және Қазақстанның болашағына қатысты екендігін түсіндіріп өтті.
Қабылдау нәтижесі бойынша ауыл тұрғындары, сот төрағасына қабылдауды өткізгені үшін алғыстарын білдірді.