СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
Жақында Сырдария спорт клубының ұйымдастыруымен Соркөлдің табанында көкпар ойыны болып өтті. Оған 5 команда қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Көкпар десе ішкен асын жерге қоятын қазақ жігіттері ат жалын тартып мініп, салым салуға асықты. Бұл күні Тереңөзек кентінен, Шағаннан, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин және Шіркейлі елді-мекендерінен жиналған көкпаршылар жақсы ойын көрсете білді. Өзара сайыста білекті жігіттер жерде жатқан серкені тақымға қысып, өз командасына ұпай жинау үшін күштерін сарпыды. Ұлттық ойын барысында ат дүбірі толастамай, қызу қанды жігіттер бір-бірін айқын басымдылықпен жеңді және де лайықты қарсылық көрсете білгендері бар.
Соркөлдің табанында жыл сайын өткізілетін көкпардың қорытындысында барлық командаларды ойсырата ұтқан шағандықтар бірінші орынды алды. Ал екінші орынды А.Тоқмағамбетов ауылының көкпаршылары иеленсе, үшінші тұғырдан шіркейліліктер көрінді. Жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды.