БІР КҮНДЕ ОТЫЗДАН АСА АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Сырдария ауданында жүйелі жұмыстардың арқасында биыл жұмыссыздық едәуір төмендеген. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жыл басынан бері ауданда тоғыз рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтсе, жақында тағы бір осындай шара аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінде ұйымдастырылды. Шара басында бөлім басшысы Б.Өтегенова бос жұмыс орындарын ұсынған мекемелерді атап өтті. Жұмыс іздеушілердің басым бөлігі ауданның Қоғалыкөл елді мекенінен келгендер. Бүгінгі күні 77 жұмыссыз азамат тіркелген шағын ауылдан 16 адам осы ауылдың жаңа бала бақшасына тұрақты жұмысқа қабылданса, 4 бос орын ауыл мектебінде де бар.
Сонымен, бір күнде отыз бір адам жұмысқа орналасқан жәрмеңке осынша отбасына қуаныш әкелетінін ескерсек, осынша отбасындағы күрделі жағдай шешіледі деген сөз.