СЫРДАРИЯЛЫҚТАР АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жыл сайын мерекеленетін халықаралық 1 қазан - «Қарттар күні» мен «19 қазан - Азаматтық қорғау органына 20 жыл толуына» орай құттықтау үшін ауданымызда өртке қарсы қызмет органдарында аянбай қызмет еткен тыл ардагері Е.И. Дорожкиннің жанұясына ат басын тіредік. Ардагерімізді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жылы лебізімізді жеткіздік. Ардагерлерімізге, қарттарымызға құрмет көрсету әр қайсысымыздың парызымыз, міндетіміз және біздің әлі де болса назарымыздан тыс емес екендігін білдіру. Ардагер Е.И. Дорожкин өз кезегінде 20 жыл толған төл мерекемізбен ұжымды құттықтап, алғыс білдірді.
Сырдария ауданы ТЖБ
Сырдария ауданы ТЖБ