ЕЛІМІЗДІҢ АРҚАУЫ, ЕГЕМЕНДІГІМІЗДІҢ БАСТАУЫ
Облыстық ардагерлер ұйымының тәжірибе алмасу семинар-кеңесінде аймақтың қазыналы қарттары кент орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде «Еліміздің арқауы, егемендігіміздің бастауы болған - Қазақ хандығына 550 жыл» атты қойылымды тамашалады. Бұл туралы Сырдария ауданы баспасөз қызметінен хабарлады.
Қойылымда қазақ батырының жоңғарларға қарсы соғысқа аттануы, сол үшін анасынан бата алуы суреттеліп, 1465-1466 жылдары Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес хандықтың құрылғаны дәріптелді. Сол кезден бастап «Қазақстан» атауы қолданылып, бүгінде еліміз «Мәңгілікке» бет бұрды. Мәні зор шарада «Қазақ елі», «Қазағым менің - мәңгілік» өлеңдері оқылды, «Алға, Қазақстан» әнін оқушылар хормен айтты.