АЙМАҚ АРДАГЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА
Сырдария ауданында облыстық ардагерлер ұйымының тәжірибе алмасу семинар-кеңесі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Оған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шауқаманов, аймақтағы барлық ауданның ардагерлер кеңестерінің төрағалары қатысты. Бағдарлама бойынша құрметті қонақтарды аудан әкімі Ғ.Қазантаев қабылдап, ауданның биылғы жылы атқарып жатқан жұмыстары, жетістіктері жөнінде айтып өтті. Семинар-кеңестің барысында ардагерлер аудандық неке сарайының салтанатты ашылуына куә болды, "Достық үйінде" үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарымен танысып, өзге ұлт өкілдерімен тілдесті. Аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы және №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейлердегі бастауыш ардагерлер ұйымының жұмыстарымен де танысып өтті. С.Сейфуллин ауылындағы іс-шараларға да қатысты.
Сондай-ақ, құрметті ардагерлер Шаған елдімекеніндегі ардагерлердің бастауыш ұйымы, ауылдардағы қоғамдық кеңестің жұмыстарымен таныс болып, семинар-кеңес қорытындыланады.